«Қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негiздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын ресiмдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 305 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 122 бұйрығы

 «Қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негiздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын ресiмдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 305 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 122 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негiздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын ресiмдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 305 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10636 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негiздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын ресiмдеу қағидаларында:

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Кешенді қала құрылысы сараптамасының сараптамалық қорытындысы:

1) жоба бойынша негізгі деректерді, атап айтқанда қала құрылысы жобасының, тапсырыс берушінің, бас мердігердің, қосалқы мердігердің атауын, сондай-ақ жобаға қоса берілетін тапсырыс беруші сараптама бойынша ұсынған міндетті бастапқы құжаттарды (материалдарды, деректерді) көрсете отырып, қала құрылысы жобасының деңгейі туралы ақпаратты көрсетуді;

2) бөлімнің атауы, аттестаттың нөмірін көрсете отырып, аттестатталған сарапшының аты-жөні, әкесінің аты (болған жағдайда) және бөлімнің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жобалау үшін бастапқы құжаттардың (материалдардың, деректердің) талаптарына сәйкестігі (сәйкессіздігі), сондай-ақ жобалық шешімдерде және талаптар есептеулерінде мемлекеттік нормативтердің сақталуы туралы ақпаратты;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.