«Азаматтық және эксперименттік авиация үшін ұшуға дайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 25 маусымдағы № 390 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 441 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтық және эксперименттік авиация үшін ұшуға дайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 25 маусымдағы № 390 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7102 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2011 жылғы 18 қазандағы № 151 (1967) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық және эксперименттік авиация үшін ұшуға дайындау қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қағидаларда әуе кемелерінің пайдаланушылары мен иелерінің ұшулар қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында авиациялық персоналды және әуе кемелерін дайындау негізгі қағидаттары баяндалған. Қағидалар Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемелерінің, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға беретін пайдаланушы сертификатына (куәлігіне) енгізілетін шетелдік тіркелуі бар әуе кемелерінің пайдаланушылары мен иелерінің, сондай-ақ азаматтық әуе кемелерінің ұшуларын ұйымдастыруды, қамтамасыз ету мен орындауды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың орындауына жатады.»;
6-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым - жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Ұшуларға алдын ала дайындау»;