(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АРАҚТАРҒА ЖӘНЕ АЙРЫҚША АРАҚТАРҒА, КҮШТІЛІГІ ЖОҒАРЫ ...

Арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына арналған ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 187 Қаулысы

 

Осы редакция 2022 жылғы 25 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 3-1-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына арналған ең төмен бөлшек сауда бағалары литріне 1 980 теңге мөлшерінде белгіленсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.