«Қала құрылысы жобаларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 505 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 26 мамырдағы № 388 бұйрығы

 «Қала құрылысы жобаларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 505 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 26 мамырдағы № 388 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қала құрылысы жобаларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 505 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21342 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қала құрылысы жобаларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларындағы:

2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын.

«2-1) қоғамдық тыңдаулар – ашық жиналыстар өткізу, көпшілік талқылауларын жүргізу арқылы сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері қозғалатын мемлекеттік және басқарушылық шешімдерді қабылдауға қоғамның қатысу нысандарының бірі;»;

мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:

«3-1-тарау. Қоғамдық талқылауларды өткізу тәртібі

34-1. Қоғамдық талқылаулар туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі –ЖАО) ресми интернет-ресурстарында орналастыру үшін осы Қағидаларға 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «Қоғамдық талқылаулар» айдары ( бұдан әрі – Айдар) құрылады.

34-2. Ашық жиналыс арқылы қоғамдық талқылау мынадай жағдайларда өтеді:

1) ЕТЖЖ және/немесе құрылыс салу жобасын әзірлеу туралы шешім қабылдау;

2) ЕТЖЖ және құрылыс салу жобаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдау.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.