«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы Әдеп жөніндегі кеңестерінің құрамдарын бекіту туралы» 2023 жылғы 23 маусымдағы № 141 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 12 ақпандағы № 37 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы Әдеп жөніндегі кеңестерінің құрамдарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Аппарат басшысының 2023 жылғы 23 маусымдағы № 141 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген бұйрыққа 5-қосымшада:
Агенттіктің Атырау облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің құрамына:
| Ерулан Рамазанұлы - Серікқалиев | Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы енгізілсін; |
осы кеңестің құрамынан М.А. Кусанов шығарылсын;