Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің аппарат басшысы және Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрлері арасында міндеттерді бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 75-НҚ бұйрығы
Осы редакция 2024 жылғы 6 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 19-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің аппарат басшысы және Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрлері арасында міндеттерді бөлу бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министр | А. Балаева |
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің
2024 жылғы 22 ақпандағы
№ 75-НҚ бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі,
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің аппарат басшысы және
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрлері арасындағы міндеттерді
бөлу
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі
А.Ғ. Балаева
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) қызметін үйлестіреді және жалпы басшылықты жүзеге асырады.
2. Министрліктің қарамағындағы салаларда мемлекеттік саясатты және салааралық үйлестіруді қалыптастырады.
3. Министрліктің қарамағындағы салаларда халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастырады.