Астана қаласының 2015 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есебін бекіту туралы
Астана қаласы мәслихатының 2016 жылғы 26 мамырдағы № 12/4-VI шешімі
Астана қаласының 2015 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есепті қарап, Астана қаласының мәслихаты Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 303/45-V «Астана қаласының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешімімен бекітілген Астана қаласының бюджеті Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 351/49-V, 2015 жылғы 12 маусымдағы № 373/53-V, 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 405/56-V, 2015 жылғы 16 қазандағы № 418/58-V, 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 425/60-V шешімдерімен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, бекітілген тиісті көрсеткіштерден кіріс бойынша 102,4 пайызға (жоспар 349 879 411,0 мың теңге, түскені 358 451 288,3 мың теңге), шығындар бойынша - 99,8 пайызға (жоспар - 340 740 759,8 мың теңге, атқарылғаны 340 026 885,4 мың теңге) орындалғандығын атап көрсетті.
Таза бюджеттік кредит беру 22 662 531,1 мың теңгені құрады, оның ішінде бюджеттік кредиттер бойынша - 23 514 499,0 мың теңге (100 %), бюджеттік кредиттерді өтеу - 851 967,9 мың теңгені құрады.
Қаржылық активтермен болатын операциялар бойынша сальдо 11 468 433,2 мың теңгені құрады, оның ішінде:
қаржылық активтерді сатып алу бойынша - 11 633 505,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдер бойынша - 165 071,8 мың теңге.
Бюджеттің тапшылығы (-15 706 561,4) мың теңгені құрады.
Бюджеттің тапшылығын қаржыландыру 15 706 561,4 мың теңгені құрады.
Қаржы жылы ішінде жергілікті атқарушы органның 9 740 681,7 мың теңге сомасындағы қарызын өтеу жүргізілді.
Жыл соңындағы бюджет қаражаттарының қалдықтары 9 286 416,3 мың теңгені құрады.
Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ: