«Патент беруге арналған қорытындысымен қоса сорт сипаттамасының, сорттың патент қабілеттілігі туралы қорытындының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 19 бұйрығы

Патент беруге арналған қорытындысымен қоса сорт сипаттамасының, сорттың патент қабілеттілігі туралы қорытындының нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 19 бұйрығы

 

«Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес патент беруге арналған қорытындысымен қоса сорт сипаттамасының нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес сорттың патент қабілеттілігі туралы қорытындының нысаны бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өндеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2016 жылғы 22 қаңтардағы

№ 19 бұйрығына 1-қосымша

 

Нысан

 

Бекітемін

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі

«Ауыл шаруашылығы дақылдарын

сорттық сынау жөніндегі мемлекеттік

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.