Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 580 бұйрығына
2-қосымша
Мұнаралы градирняларды жөндеу кезіндегі кесілген ағаш материалдары шығысының нормаларын есептеу
әдістемесі
(2025.16.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Энергетика министрінің 2025.27.02. № 103-н/қ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Мұнаралы градирняларды жөндеу кезіндегі кесілген ағаш материалдары шығысының нормаларын есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 323) тармақшасына сәйкес әзірленген және жылу электр станцияларының мұнаралы градирняларын жөндеу кезіндегі кесілген ағаш материалдарының шығысын айқындауға арналған.
2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) жөндеу - жабдықтың жарамдылығын немесе жұмысқа қабілеттелігін қалпы келтіру және оның құрамдас бөліктерінің ресурстарын қалпы келтіру жөніндегі операциялар кешені;
2) электр станциясы - құрылыс бөлігін, энергияны түрлендіру үшін жабдықты және қажетті қосалқы жабдықты қамтитын, электр және жылу энергиясын өндіруге арналған энергетикалық объект;
3) гидросалқындатқыш - циркуляциялық суды салқындатуға арналған жылу алмастарытын құрылыс;
4) градирня - салқындатылатын судың температурасын тиімді төмендету үшін ауа күші пайдаланылатын гидросалқындатқыш;
5) мұнаралы градирня - күш сорғыш мұнараның көмегімен жасалатын градирня.
Осы Әдістемеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
3. Әдістемеде нормаларды есептеу кезінде градирнялардың ағаш суландырғыштарының неғұрлым оңтайлы техникалық шешімдерін, реконструкцияларын іріктеу орындалды.