«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 299 «Төтенше жағдай аймағындағы халықтың ең төменгі тіршілігін қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 361 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 299 «Төтенше жағдай аймағындағы халықтың ең төменгі тіршілігін қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 361 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Төтенше жағдай аймағындағы халықтың ең төменгі тіршілігін қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 299 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32748 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 46) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:».

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды жою департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрліктерінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

 

Қазақстан Республикасының

Төтенше жағдайлар министрі

2025 жылғы 27 тамыздағы

№ 361 бұйрығына қосымша

 

 

Төтенше жағдай аймағындағы халықтың ең төменгі тіршілігін қамтамасыз ету

нормалары

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.