««Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға ақшалай қаражатты тағайындау және төлеу мөлшері» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығына 5-қосымша) (2026.23.05. берілген өзгерістермен)

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024.16.02. № 35 бұйрығымен 5-қосымшамен толықтырылды (2024 ж. 5 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2020 жылғы 24 сәуірдегі

№ 158 бұйрыққа 5-қосымша

 

 

«Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға ақшалай қаражатты тағайындау және төлеу мөлшері»
мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

(2026.23.05. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026.05.05. № 117-НҚ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 23 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Осы «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға ақшалай қаражатты тағайындау және төлеу мөлшері» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 133-бабының 3-тармағы және 137-бабының 1-тармағы мен «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және оларды асырап-бағуға ақшалай қаражатты тағайындау және төлеу мөлшерінің тәртібін айқындайды.

2. Патронат нысанындағы қорғаншылық немесе қамқоршылық кәмелетке толмаған жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, оның ішінде білім беру ұйымындағы, медициналық немесе өзге де ұйымдағы балаларға белгіленеді.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.