Осы редакция 2018 жылғы 24 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 505 бұйрығына
3-қосымша
«Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны
есепке қою, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2017.24.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017.24.03. № 104 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017.24.03. № 104 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
ҚР Инвестиция және даму министрінің 2016.26.01. № 82 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017.24.03. № 104 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде - күнтізбелік 15 (он бес) ішінде;
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қабылдаған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.