Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 2-тармағын ресми түсіндіру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 4 Нормативтік қаулысы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, құрамында Төраға Қ.Ә. Мәми, Кеңес мүшелері А.Қ. Дауылбаев, В.А. Малиновский, И.Д. Меркель, Р.Ж. Мұқашев, Ә.А. Темірбеков және У. Шапак,
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілі - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Ә.Ғ. Рақышеваның,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі - Қазақстан Республикасының Әділет министрі М.Б. Бекетаевтың,
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілі - Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Г.В. Кимнің,
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілі - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Н. Жаилғанованың,
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өкілі - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары M.Ш. Қожаевтың,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілі - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары М.М. Ахметжановтың,
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілі - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Ю. Василенконың,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өкілі - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Ж.Б. Ермағамбетованың қатысуымен
өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 2-тармағын ресми түсіндіру туралы өтінішін қарады.