«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің зерттеулердің және консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 1 шілдедегі № 115 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің зерттеулердің және консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 1 шілдедегі № 115 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің зерттеулердің және консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидалары бекітілсін.

2. Мынадай:

1) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 14 шілдедегі № 188 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28823 болып тіркелген);

2) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 14 шілдедегі № 188 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2024 жылғы 20 маусымдағы № 122 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34548 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.