Балықтар мен басқа да су жануарларын мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 25 бұйрығы
(2025.04.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2025.20.10. № 379 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 4 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 14 қарашадағы № 698 бұйрығымен 2023 ж. 1 шілдеге дейін қолданысы тоқтатылған
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2025.20.10. № 379 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 4 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 36) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2025.20.10. № 379 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 4 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса берілген Балықтар мен басқа да су жануарларын мониторингтеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.