«Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 25 тамыздағы № 572 бұйрығы

 «Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 25 тамыздағы № 572 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларында:

68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«68. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінде инвестициялық жобалар болған кезде осы Қағидаларға 84-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік инвестициялық жобалардың таратылып жазылуы жасалады.

Бюджеттік инвестициялық жобалардың таратылып жазылуында 84-қосымшада:

«жоспарлы кезең басталғанға дейін қаржыландыру» деген 4-бағанда жобаға бөлінген қаражат, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен;

«сала» деген жолда жалпы сипаттағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер; қорғаныс; қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық атқару қызметі; білім беру; денсаулық сақтау; әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру; инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым; сумен жабдықтау және канализация; мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік; газбен жабдықтау; жылу энергетикасы; ауыл шаруашылығы; қоршаған ортаны қорғау; су ресурстары; өнеркәсіп; тасымалдау; коммуникациялар; басқалары;

«облыс (өңір)» деген жолда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы;

«жоба мәртебесі (іске асырылып жатқан/жаңа жобалар)» деген жолда жоспарлы кезең басталғанға дейін республикалық бюджеттен қаржыландыру болмаған жобалар жаңа жобалар болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.