«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті туралы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 45 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 2 сәуірдегі № 170 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті туралы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 45 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 29-1), 29-21), 29-3), 29-4), 29-5), 29-6), 29-7), 29-8), 29-9), 29-10), 29-11), 29-12) және 29-13) тармақшалармен толықтырылсын:
«29-1) Комитеттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты үйлестіру;
29-2) Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының жоғары білім беруді интернационалдандыру бөлігінде жұмысты үйлестіру;
29-3) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беруді интернационалдандыру, шетелдік ғалымдарды, шетелдік студенттерді тарту, білім алушылардың, оқытушылардың, ғылыми қызметкерлердің академиялық ұтқырлығы жөніндегі жұмысын үйлестіру;
29-4) академиялық ұтқырлық шеңберінде оқыту үшін жолдама тәртібін әзірлеуді үйлестіру;
29-5) Қазақстанның Еуропа және ТМД елдері өткізетін іс-шараларға, бағдарламалар мен жобаларға қатысуы жөніндегі жұмысты үйлестіру;
29-6) ЭЫДҰ ұсынымдарының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бойынша бөлімін іске асыруды үйлестіру;