Жер учаскелерін шектеулі пайдалану құқығын белгілеу туралы (жария сервитут)
Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 10 ақпандағы № 1/1-169 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 16 және 69-баптарына сәйкес, «Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 1 қарашадағы № 34.1-34.03/1957-И хаты негізінде Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Алматы қаласы Қалалық мобильділік басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесі үшін жария сервитуттың шекара жоспарына және қаулының қосымшасына сәйкес «Алматы-2» теміржол вокзалынан «Райымбек батыр» метро бекетіне дейін жерасты жаяу жүргіншілер тоннелін салу үшін Алматы қаласы, Жетісу ауданы, «Алматы-2» теміржол вокзалының шығысында, Назарбаев даңғылының батысында орналасқан, жалпы ауданы 1,0345 га жер учаскелерін меншік иелерінен (жер пайдаланушылардан) алып қоюсыз 3 (үш) жыл мерзімге шектеулі пайдалану (жария сервитут) құқығы белгіленсін.