«2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 187 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 374 Қаулысы

 «2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 187 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 374 Қаулысы

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 41, 79 және 111-баптарына және «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 187 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Жұмыспен қамтудың 2020 - 2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберіндегі іс-шараларды іске асыру үшін 2020 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттан 295 454 825 мың теңге мөлшеріндегі сома:

1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз етуге берілетін 282 323 682 мың теңге сомасындағы нысаналы трансферттерді мынадай іс-шараларды қаржыландыруға аудару үшін бөлінсін:

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инженерлік-көліктік инфрақұрылым объектілерін, әлеуметтік-мәдени объектілерді жөндеуге және елді мекендерді абаттандыруға - 191 536 948 мың теңге;

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инженерлік-көліктік инфрақұрылым объектілерін, әлеуметтік-мәдени объектілерді және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға және (немесе) реконструкциялауға - 90 786 734 мың теңге;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.