Азаматтық-құқықтық мәмілелер тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларында бекітілген сомалар және жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші қаржы жылдарының базалық шығыстары шегінде олардың бүкіл қолданылу мерзімі ішінде:
1) іске асырылу мерзімі бір жылдан асатын бюджеттік даму бағдарламаларына;
2) технологиялық дайындау мерзімінің ұзақтығы оларды келесі (кейінгі) қаржы жылы (қаржы жылдары) беруді негіздейтін активтерді және басқа да тауарларды сатып алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға;
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда бір қаржы жылынан астам мерзіммен қызметтер көрсетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда мемлекеттік тапсырмаларды іске асыруға, бір қаржы жылынан астам мерзіммен қызметтер көрсетуге, жұмыстарды ұсынуға;
4) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
245-бапқа сәйкес 96-баптың 5-тармағының 5) тармақшасы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді
5) Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің қаражаты есебінен бір қаржы жылынан астам іске асырылу мерзімінде іс-шаралар өткізуге байланысты тіркелуге жатады.
Бюджеттің базалық шығыстары өзгерген кезде аталған азаматтық-құқықтық мәмілелер қайта тіркелуге жатады.
Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын дайындау құны шарт құнына енгізілген объектілерден басқа, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не реконструкциялауға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу жобалау-сметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы міндетті түрде болған кезде жүргізіледі.
Осы Кодекстің 79-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көрсетілген тізбеге енгізілген бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап республикалық бюджет нақтыланғанға немесе түзетілгенге дейін осы Кодекстің 153-бабының 7-тармағына сәйкес құжаттама бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынылғаннан кейін жүзеге асырылады.
Мерзімі үш жылдан асатын мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды тіркеу бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік мекеме осы Кодекстің 79-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көрсетілген тізбеге енгізілген заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін төлеу бойынша міндеттемелерді Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап республикалық бюджет нақтыланғанға немесе түзетілгенге дейін осы Кодекстің 154-бабының 2-тармағына сәйкес құжаттама бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынылғанға дейін қабылдамайды.
6. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін шетел валютасында тіркеу үшін шарт сомасы шетел валютасында келтіріледі, тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тіркеу күнгі нарықтық валюта айырбастау бағамы бойынша жүргізіледі.
7. Шартты тіркеу туралы хабарлама азаматтық-құқықтық мәміленің тіркелгенін растайтын құжат болып табылады.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда
8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен бюджет ақшасын бөлу, сондай-ақ қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шарттарды және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде бұрын тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілелерге қосымша келісімдерді тіркеу жағдайларын қоспағанда, азаматтық-құқықтық мәмілелерді ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанынан кейін тіркеуге жол берілмейді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеуді жүзеге асыру тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
97-бап. Төлемдерді және ақша аударымдарын ұлттық валютамен жүзеге асыру
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелер бойынша төлемдерi төлеуге берiлетiн шоттар негiзiнде жүзеге асырылады.
Республикалық бюджет туралы заңда не жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiнде тиiстi қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталдарын ұлғайтуға қаражат көзделген квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң төлемдерi Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгiленген нысан бойынша төлем тапсырмаларының негiзiнде жүзеге асырылады.
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Республикалық бюджет туралы заңда не жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiнде тиiстi қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталын ұлғайтуға қаражат көзделген мемлекеттiк мекеменiң төлеуге берiлетiн шоты және квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң төлем тапсырмасы бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi үшiн ақша алушының пайдасына төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруға негiз болып табылатын құжаттарды бiлдiредi.
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда; 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Мемлекеттiк мекемелердiң төлемдерi мен ақша аударымдары қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы немесе мемлекеттiк мекемелердiң шоттарындағы қалдықтар шегiнде, сондай-ақ төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес жоспарлы мақсаттар сомалары және шартты тiркеу туралы хабарламаның пайдаланылмаған қалдығы шегiнде жүргiзiледi.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаражатты квазимемлекеттік сектор субъектілеріне аударуы төлемнің қаржылық-экономикалық негіздемеге немесе техникалық-экономикалық негіздемеге (жобалау-сметалық құжаттамаға) сәйкес негізділігін растайтын құжаттардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттың өзге де түрінің негізінде, оларда ағымдағы қаржы жылына көрсетілген сомалар шегінде жүзеге асырылады.
Республикалық бюджет туралы заңда не жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiнде тиiстi қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталдарын ұлғайтуға қаражат көзделген квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң төлемдерi мен ақша аударымдары квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң шоттарындағы қалдықтар шегiнде жүргiзiледi.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы ағымдағы жылы жарғылық капиталды қалыптастыруға (толтыруға) бөлінген және есепті кезеңнің соңында пайдаланылмай қалған қаражат қалдықтары квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ағымдағы жылы пайдаланылмаған қаражаты болып табылады және бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуына жатады.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, ағымдағы шоттарындағы олардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асыру қорытындылары бойынша бюджет қаражатын үнемдеу түрінде қалыптасқан пайдаланылмаған қалдықтар:
қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы пайдаланылмаған қалдықтарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайтын тәртіппен бюджеттік инвестициялардың ағымдағы қаржылық-экономикалық негіздемесіне түзету жүргізіп және (немесе) жаңасын әзірлей отырып, жаңа және (немесе) ағымдағы жобаны (жобаларды) іске асыруға бағыттау;
егер үнемдеу сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 50000 еселенген мөлшерінен аспайтын болса, үнемделген қаражатты квазимемлекеттік сектор субъектісінің басқару органының (құрылтайшының) шешімі бойынша жобаның қаржылық-экономикалық негіздемесіне түзету жүргізбестен, даму мақсаттарына (жаңғыртуға, активтер сатып алуға) қолдану арқылы пайдаланылуы мүмкін.
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Қазынашылық қолдап отыру шеңберінде объектілерді салумен байланысты инвестициялық жобаларды іске асыру үшін бас мердігерлердің мемлекеттік сатып алу шоттарынан жүргізілетін төлемдер мен ақша аударымдары бас мердігер бекіткен тізбе бойынша қосалқы мердігерлердің мемлекеттік сатып алу шоттарына жүзеге асырылады.
4. Жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілесіз төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізуге жол берілмейді.
Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi:
төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына;
тiркелген азаматтық-құқықтық мәмiлелерге;
бірыңғай бюджеттік сыныптамаға;
нысанды толтырудың толықтығы мен дұрыстығы бойынша Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына төлеуге берiлетiн шоттардың сәйкестiгiн тексеруге саятын төлемдердi төлеу кезiндегi ағымдағы бақылауды жүзеге асырады.
Аванстық төлем сомасын қоспағанда, тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша төлем жүргізу кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі тауарларды жеткізу туралы шот-фактура немесе жүкқұжат (акт) немесе орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжат түрі көшірмелерінің бар-жоғын тексереді.
Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын дайындау құны шарт құнына енгізілген ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не реконструкциялауға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шығыстар бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі аванстық төлемнен кейінгі төлем жүргізу кезінде құрылысқа арналған жобалардың (техникалық-экономикалық негіздемелер немесе жобалау-сметалық құжаттама) ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысының бар-жоғын қосымша тексереді.
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің төлемдерін жүргізу кезінде ағымдағы бақылауды жүзеге асырады, ол:
1) төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың: тауарларды жеткізу туралы шот-фактура немесе жүкқұжат (акт) немесе орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжат түрі көшірмелерінің бар-жоғына;
2) бағалы қағаздар нарығын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган куәлігінің не квазимемлекеттік сектор субъектісінің жарғылық капиталын ұлғайтуға ақша аударған жағдайда басқару органдарының тиісті шешімінің бар-жоғына;
3) нысанды толтырудың толықтығы мен дұрыстығы бойынша Қазақстан Республикасы банк заңнамасының талаптарына сәйкестiгіне төлем тапсырмаларын тексеруден тұрады.
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 5-2-тармақпен толықтырылды
5-2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі қазынашылық қолдап отыру шеңберінде мемлекеттік сатып алу шоттарынан төлемдер жүргізу кезінде ағымдағы бақылауды жүзеге асырады, ол төлем тапсырмаларын:
1) төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың: төлем сертификатының және электрондық шот-фактураның бар-жоғына;
2) нысанды толтырудың толықтығы мен дұрыстығы бойынша Қазақстан Республикасы банк заңнамасының талаптарына сәйкестігіне тексеруден тұрады.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Мемлекеттік мекеме:
төлеуге берілетін шотты табыс етудің заңдылығын және негізділігін;
төлеуге берілетін шоттың көрсетілген деректемелерінің дұрыстығын;
ақша алушылардың пайдасына төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелердің уақтылы және толық орындалуын;
жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес тауарлардың берілуін, орындалған жұмыстарды және (немесе) көрсетілген қызметті растаудың дұрыстығын;
бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне осы баптың 5-тармағында көрсетілген, тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша төлемнің негізділігін растайтын құжаттарды табыс етуін қамтамасыз етеді.
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды; 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 6-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-1. Квазимемлекеттік сектор субъектісі, объектілерді салумен байланысты инвестициялық жобаны іске асыратын бас мердігер және қосалқы мердігер:
1) төлем тапсырмаларын табыс етудің заңдылығы мен негізділігін;
2) төлем тапсырмаларында көрсетілген деректемелердің дұрыстығын;
3) ақша алушының пайдасына төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелердің уақтылы және толық орындалуын;
4) жасалған операциялардың дұрыстығын;
5) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың табыс етілуін қамтамасыз етеді және олар үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 6-2-тармақпен толықтырылды
6-2. Қазынашылық қолдап отыру шеңберінде объектілерді салумен байланысты инвестициялық жобаларды іске асыратын бас мердігерлер және қосалқы мердігерлер осы баптың 5-2-тармағында көрсетілген растаушы құжаттардың анықтығы мен негізділігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
7. Мемлекеттік мекеменің өткен жылдардағы дебиторлық берешегінің сомасы азаматтық-құқықтық мәміленің талаптарында көзделген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) беру арқылы өтелуге не тиісті бюджеттің кірісіне қайтарылуға жатады.
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру тәсілдері Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 98-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
98-бап. Инкассолық өкім
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Инкассолық өкім соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, ұйғарымдарына, қаулыларына, бұйрықтарына сәйкес берілген, сондай-ақ пайда болған салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар немесе әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген жағдайларда пайда болған берешекті өтеуге байланысты атқару парағын немесе бұйрықты республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген мемлекеттік мекеменің, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектісінің мәжбүрлі түрде орындауына негіз болып табылатын құжатты білдіреді. Инкассолық өкім республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген мемлекеттік мекеме және квазимемлекеттік сектор субъектісі төлемінің негізділігін растайтын құжат болып табылады.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органдарының инкассолық өкімдерін қоспағанда, инкассолық өкім сот шешімі (үкімі, ұйғарымы, қаулысы) бойынша берілген атқару парағы немесе бұйрық немесе ақша өндіріп алу туралы сот бұйрығы негізінде және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да негіздер бойынша жасалады.
2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Инкассолық өкім ұсынылатын, республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген мемлекеттік мекеменің және квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызмет көрсетілу орны бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне инкассолық өкім беріледі.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органдарының инкассолық өкімдерін қоспағанда, инкассолық өкім оны жасауға негіз болып табылған атқару парағының немесе бұйрықтың түпнұсқасы не осы құжаттың әрбір беті соттың елтаңбалық мөрінің бедерімен куәландырылған көшірмесі қоса тіркеліп беріледі.
Инкассолық өкімде көрсетілген сома атқару парағында немесе бұйрықта көрсетілген сомаға сәйкес болуға тиіс.
Инкассолық өкімде республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген мемлекеттік мекеменің және квазимемлекеттік сектор субъектісінің кодтары көрсетіледі, олар бойынша осы өкімнің орындалуы талап етіледі.
2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 403-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
Халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылатын 3-тармақтың редакциясын қараңыз
3. Инкассолық өкімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ашылған шетел валютасындағы шоттарға, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына арналған шоттарға, тиісті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарыздарды немесе байланысты гранттарды қайта айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына ұсынуға жол берілмейді.
Инвестициялық жоба бойынша инкассолық өкімді орындау жөніндегі міндеттемелер туындаған жағдайда өзі бұл инкассолық өкім осы инвестициялық жобаны қаржыландыру арқылы жүзеге асырылатын квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына ұсынылады.
Инкассолық өкімдерді ұсыну мемлекеттік мекеменің кодына, ақылы қызметтер көрсету, қайырымдылық көмек шоттарына, сондай-ақ республикалық бюджет туралы заңда не мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімінде тиісті қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарына жүзеге асырылуы мүмкін.
4. Инкассолық өкім Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген нысан бойынша ұсынылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Инкассолық өкімдерді орындау бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
99-бап. Төлемдер мен ақша аударымдарын валюталардың түрлері бойынша шетел валютасымен жүзеге асыру
1. Мемлекеттік мекемелер төлемдер мен ақша аударымдарын валюталардың түрлері бойынша шетел валютасымен Қазақстан Республикасының резиденті еместердің пайдасына шетел валютасын айырбастау және аудару жөніндегі операцияларды жүргізу жолымен жүзеге асырады.
Валюталардың түрлері бойынша шетел валютасын айырбастау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалған айырбасталатын күнгі валюталар айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша жүзеге асырылады.
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік мекеме валюталардың түрлері бойынша айырбасталған шетел валютасын шетел валютасымен шотқа есепке жазылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мақсаты бойынша пайдалануға тиіс.
Пайдаланылмаған не толық пайдаланылмаған шетел валютасы мемлекеттік мекеме шығыстарының бюджеттік сыныптамасының шетел валютасын айырбастау жүзеге асырылған кодына ұлттық валютадағы соманы кейіннен қалпына келтіре отырып, көрсетілген мерзім өткеннен кейін қайта айырбасталуға тиіс.
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың қайта айырбастау шотына қайта айырбасталған ұлттық валютадағы ақшаны мемлекеттік мекеме бес жұмыс күні ішінде мақсаты бойынша пайдалануға тиіс.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына арналған шотқа қайта айырбасталған шетел валютасындағы ақшаны мемлекеттік мекеме бес жұмыс күні ішінде мақсаты бойынша пайдалануға тиіс.
Ұлттық немесе шетел валютасындағы пайдаланылмаған не толық пайдаланылмаған ақша көрсетілген мерзім өткен соң ақшасы ұлттық немесе шетел валютасына қайта айырбасталған сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына соманы шетел валютасында кейіннен қалпына келтіре отырып айырбасталуға тиіс.
3. Мемлекеттік мекеме айырбастау, қайта айырбастау жөніндегі операцияларды ресімдеу кезінде деректемелердің дұрыстығын және төлемдер мен ақша аударымдарын шетел валютасымен жүзеге асырудың негізділігін қамтамасыз етеді.
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотынан айырбасталған шетел валютасы оның екінші деңгейдегі банктегі шетел валютасындағы шотына валюта түрлері бойынша есепке алынған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде мақсаты бойынша пайдаланылуға тиіс.
Пайдаланылмаған не толық пайдаланылмаған шетел валютасы көрсетілген мерзім өткен соң квазимемлекеттік сектор субъектісінің шетел валютасы айырбасталған шотына кейіннен ұлттық валютадағы соманы қалпына келтіре отырып қайта айырбасталуға тиіс.
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды
3-2. Республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілері пайдаланылмаған не толық пайдаланылмаған шетел валютасының шетел валютасын айырбастау жүзеге асырылған шотқа уақтылы қайта айырбасталуын және қайтарылуын қамтамасыз етеді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Төлемдер мен ақша аударымдарын шетел валютасында жүзеге асыру тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
100-бап. Азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуді және төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізуді тоқтата тұру
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және мерзімде: