Алматы қаласы мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 420 «Алматы қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LХІ сессиясының 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 440 шешiмi
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 7-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 28 наурыздағы № 154 қаулысына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы қаласы мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 420 «Алматы қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1601 рет санымен тіркелген, 2019 жылғы 21 желтоқсандағы «Алматы ақшамы» газетінің № 152-153 санында және 2019 жылғы 21 желтоқсандағы «Вечерний Алматы» газетінің № 152-153 санында жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. Алматы қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 717 552 686,9 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер - 545 102 839,9 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 3 154 164 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 14 414 639 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 154 881 044 мың теңге;
2) шығындар - 791 095 443,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік несие беру - 21 504 287 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 50 348 461 мың теңге, оның ішінде: