(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӨНДІРІП АЛУШЫНЫҢ ӨТІНІШІ БОЙЫНША АТҚАРУШЫЛЫҚ ҚҰЖАТТ...

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2020 жылғы 29 мамырдағы

№ 69 бұйрығына 3-қосымша

 

Осы редакция 2021 жылғы 20 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде

атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің

 қағидалары


1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжат негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) Бірыңғай байланыс орталығы - Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын, көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпаратты беру жөніндегі ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;

2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты - мемлекеттік көрсетілетін қызметтің процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен көрсету нәтижесін, сондай-ақ көрсетілетін ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.