«Магистральдық темір жол желісінің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 580 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 292 бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен күші жойылды
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына, 15-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Магистральдық темір жол желісінің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 580 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12022 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистральдық темір жол желісінің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
вагон айналымы - тасымалдау қашықтығын ескере отырып, жолаушылар вагондарының жөнелту саны;
жүк айналымы - тасымалдау қашықтығын ескере отырып, жүктерді жеткізу бойынша тасымалдау жұмысының орындалған көлемі;
құзыретті орган - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі;