«Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 216 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 21 бұйрығы
ҚР Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 30 шілдедегі № 363 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 216 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10905 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 мамырда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру қағидаларында:
2-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;