«Коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 51 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 26 ақпандағы № 8 Қаулысы

«Коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 51 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 26 ақпандағы № 8 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 51 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34952 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

мынадай мазмұндағы кіріспемен толықтырылсын:

«Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу қағидаларында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Коллекторлық агенттік өтінішті және борышкер ұсынған құжаттарды алған күннен кейін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде борышкер ұсынған берешекті өтеу талаптарындағы өзгерістерді қарайды және Коллекторлық қызмет туралы заңның 6-1-бабының 2-тармағына сәйкес борышкерге:

1) берешекті өтеу талаптарының ұсынылған өзгерістерімен келісетіні;

2) берешекті өтеу талаптарын өзгерту жөніндегі өзінің ұсыныстары;

3) осындай бас тарту себептерінің уәжді негіздемесін көрсете отырып, берешекті өтеу талаптарын өзгертуден бас тарту туралы шешімдердің біреуін хабарлайды.

Коллекторлық агенттік борышкер ұсынған берешекті өтеу талаптарының өзгерістерімен келісу туралы шешім қабылдаған кезде мұндай өзгерістерді енгізу мерзімі коллекторлық агенттік шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.