Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті алу туралы хабарлама нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 235 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 49-бабы 4-тармағының төртінші бөлігіне және 82-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті алу туралы хабарлама нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.