«Жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 374 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 18 маусымдағы № 313 бұйрығы

«Жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 374 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 18 маусымдағы № 313 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 374 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 13 маусымда № 17063 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептерді ұсыну қағидаларында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде мынадай есептер түрлерін:

1) нысан бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес пайдалы қатты қазбаларды барлау бойынша лицензиялық міндеттемелердің орындалуы туралы есепті құзыретті органға;

2) нысан бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес пайдалы қатты қазбаларды өндіру бойынша лицензиялық міндеттемелердің орындалуы туралы есепті құзыретті органға;

3) нысан бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру бойынша лицензиялық міндеттемелердің орындалуы туралы есепті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.