2022-2024 жылдарға арналған Ақтас кентінің бюджеті туралы
Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 83 шешімі
(2022.28.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 28 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2022.28.04. № 117 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. 2022-2024 жылдарға арналған Ақтас кентінің бюджеті 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға 1 - қосымшаға сәйкес, келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 576 325 мың теңге, оның ішінде:
салықтың түсімдері – 26 807 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 370 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 500 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 547 648 мың теңге;
2) шығындар – 582 079 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттер– 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профециті) – -5 754 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 5 754 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 5 754 мың теңге.
2. Кент бюджеті түсімдерінің құрамында Саран қаласының бюджетінен субвенциялар көзделгені ескерілсін, оның ішінде:
2022 жылға – 515 244 мың теңге;
2023 жылға – 388 932 мың теңге;
2024 жылға - 401 057 мың теңге.
3. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.
| Мәслихат хатшысы | О.Баймаганбетов |
Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2022.28.04. № 117 шешімімен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Саран қалалық мәслихатының
2021 жылғы 23 желтоқсандағы