«Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 435 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 26 наурыздағы № 99 бұйрығы

 «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 435 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 26 наурыздағы № 99 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 435 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32783 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентте:

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Техникалық регламентте Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасында белгіленген ұғымдар, сондай-ақ мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1) ғимарат - функционалдық мақсатына қарай адамдардың тұруы немесе болуы, өндірістік процестерді орындау, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыру және сақтау үшін пайдаланылатын, міндетті түрде жерүсті тұйық көлемді құрайтын, тіреу және қоршау конструкцияларынан тұратын жасанды құрылыс. Ғимараттың жерасты бөлігі болуы мүмкін;

2) дайындаушы - Қазақстан Республикасының немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген, өз атынан өнім өндіруді немесе өндіру мен өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.