«Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 163 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 5 мамырдағы № 325 бұйрығы
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 340 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙРАМЫН:
1. «Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 163 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10658 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Жаңадан салынған сумен жабдықтау жүйелерін, сондай-ақ жөндеу жұмыстары жүргізілген сумен жабдықтау жүйелерін шаю және дезинфекциялау жүргізілгеннен кейін пайдалануға жол беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің сумен жабдықтау жүйесінен құрылыс объектісінің сумен жабдықтау желісін ауызсумен жуу және дезинфекциялау кезінде пайдаланылған судың көлемі көрсетілетін қызметті берушінің келісімі бойынша құрылыс салушы белгілейтін ауызсуды есепке алу аспабының көрсеткіштері бойынша айқындалады. Есепке алу аспаптарының түрін, сондай-ақ техникалық және метрологиялық сипаттамаларын көрсетілетін қызметті берушімен келісу қажет.