«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру және (немесе) реконструкциялау құнын айқындау әдістемесі» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрыққа 9-қосымша

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары -

Ұлттық экономика министрі

2025 жылғы 16 маусымдағы

№ 52 бұйрыққа

9-қосымша

 

 

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру және (немесе) реконструкциялау құнын айқындау

әдістемесі


1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру және (немесе) реконструкциялау құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 27-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру құнын, операциялық шығындарды, сондай-ақ жекеше әріптесті мемлекеттік қолдау мөлшерін, шығындарын өтеу және кірістер алу көздерін айқындау мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік қолдаудың болжамды мөлшерін, шығындарды өтеу және кірістер алу көздерін есептеуге қойылатын бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру құны осы Әдістеменің 2-тарауына сәйкес есептелген инвестициялардың болжамды мөлшері ретінде айқындалады.

3. Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) мемлекеттік қолдау - Заңның 27-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген мемлекеттік-жекешелік әріптестікті мемлекеттік қолдау түрлері;

2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің шығындарын өтеу көздері - Заңның 1-бабының 4), 9), 10) тармақшаларында және 9-бабының 2-тармағында көзделген бюджет қаражаты есебінен ақшалай төлемдер.

4. Мемлекеттік қолдаудың болжамды мөлшерін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша шығындарды өтеу және кірістер алу көздерін есептеу қаржы-экономикалық модель пайдаланылып жүргізіледі.

Мемлекеттік қолдаудың оңтайлы деңгейін, шығындарды өтеу және кірістер алу көздерін айқындау мақсатында қаржы-экономикалық моделдің екі нұсқасы:

1) базалық қаржы-экономикалық модель;

2) кеңейтілген қаржы-экономикалық модель әзірленеді.

5. Базалық қаржы-экономикалық моделді әзірлеу кезінде:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.