Қазақстан Республикасының кейбір норамативтік құқықтық актілеріне ипотекалық ұйымдардың қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 189 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 24 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ипотекалық ұйымдардың қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының нормативтік құқтық актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Агенттік Басқармасының «Ипотекалық ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 43 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4157 тіркелген) Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Ипотекалық ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 43 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2006 жылғы 27 қазандағы № 231 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4465 тіркелген) енгізілген толықтырулары мен өзгерістерімен бірге:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ипотекалық ұйымдардың есеп беру ережесінде:
1-тармақта:
4) тармақшадағы «.» деген тыныс белгісі «;» деген тыныс белгісіне ауыстырылсын, «жатады» деген сөз алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5), 6), 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес бағалы қағаздар туралы есеп;
6) осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес «кері РЕПО» және «РЕПО» операциясы» операцияларының құрылымы туралы есеп;
7) осы Ереженің 7-қосымшасына сәйкес екінші деңгейдегі банктердегі салымдар құрылымы туралы есеп жатады.».
осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 5-7 қосымшалармен толықтырылсын;