Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2020 жылғы 10 шілдедегі
№ 322 бұйрығына
2-қосымша
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілерде
жобаларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»
мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
(2023.01.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Қорғаныс министрінің 2022.29.11. № 1145 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілерде жобаларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілерде жобаларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.
ҚР Қорғаныс министрінің 2022.09.03. № 119 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік қызметті халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
ҚР Қорғаныс министрінің 2022.09.03. № 119 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2022.29.11. № 1145 бұйрығымен (2023 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда