«Жер қойнауын пайдалануға арналған үлгілік келісімшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2026 жылғы 31 наурыздағы № 134-н/қ бұйрығы

 «Жер қойнауын пайдалануға арналған үлгілік келісімшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2026 жылғы 31 наурыздағы № 134-н/қ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жер қойнауын пайдалануға арналған үлгілік келісімшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

бұйрықтың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

«6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерін барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарт бекітілсін.»;

бұйрықтың 5-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«5. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Бұл ретте 1-қосымшада келтірілген көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарттың 44-тармағының 7), 8) және 9) тармақшалары, осы бұйрыққа 2-қосымшада келтірілген көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшарттың 38-тармағының 7), 8) және 9) тармақшалары, осы бұйрыққа 4-қосымшада келтірілген күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарттың 43-тармағының 7), 8) және 9) тармақшалары, осы бұйрыққа 5-қосымшада келтірілген күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшарттың 34-тармағының 7), 8) және 9) тармақшалары, осы бұйрыққа 6-қосымшада келтірілген аз зерттелген аумақ шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерін барлау мен өндіруге арналған үлгілік келісімшарттың 51-тармағының 7), 8) және 9) тармақшалары 2030 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгі келісімшартта:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.