«Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 313 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2021 жылғы 27 шілдедегі № 442 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 313 (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 13694 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулықта:
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: