Мәслихаттың 2020 жылғы 18 тамыздағы № 506 «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2024 жылғы 27 мамырдағы № 101 шешімі
Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы» 2020 жылғы 18 тамыздағы № 506 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9392 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы «Жиналыстарды, митингтерді және пикеттеуді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар» жолы жаңа редакцияда жазылсын:
«Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар»;
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасының 18-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«18. Пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.»;