«Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 6 қазандағы № 508-2075 Қаулысы (2023.17.01. берілген өзгерістермен)

Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 6 қазандағы № 508-2075 Қаулысы

(2023.17.01. берілген өзгерістермен)

 

Астана қаласы әкімдігінің 2022.27.12. № 508-3859 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 17 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына, «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Астана қаласы әкімдігінің 2022.27.12. № 508-3859 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 17 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) «Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 27-492қ қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 633 болып тіркелген, 2010 жылғы 1 шілдедегі «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған);

2) «Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 27-492қ қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 8 қаңтардағы № 105-8 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1155 болып тіркелген, 2018 жылғы 27 қаңтарда «Астана ақшамы» газетінде, 2018 жылғы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.