«Сот шешiмi туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 10 қыркүйектегі № 14 Нормативтік қаулысы
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жоғарыда көрсетілген нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 3-тармақта:
алтыншы абзацтағы «мынадай талаптарға» деген сөздер «сот жүйесінің заң техникасы мәселелерін және сот актілерін жасау өлшемшарттарын регламенттейтін ішкі құжаттарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы абзацтар алып тасталсын;