«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 330 бұйрығы

«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 330 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларында:

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері үшін қосымша мынадай тәсілдермен жеке нөмір беруге жол беріледі:

электрондық бірдейлендіру тәсілі (ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін пайдаланылатын радиожиілікті белгісі бар сырғалар, болюстер, чиптер және басқа бұйымдар (құралдар);

татуировка;

таңба басу.

Бұл ретте, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда ауыл шаруашылығы жануарларына осы тармақта көрсетілген тәсілдермен жеке нөмір беру:

жануарлар бастарын ішкі шаруашылық есепке алуды жүргізу үшін;

осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген тәсілдермен жеке нөмір берілгенге дейін, ауыл шаруашылығы жануарларына уақытша жеке нөмір беру үшін жүргізіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.