«Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлерін нысанды киіммен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 8 шілдедегі № 130-НҚ бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 143-НҚ бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлерін нысанды киіммен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 8 шілдедегі № 130-НҚ бұйрығының күші жойылды деп танылсын.