«Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау салаларындағы ең төмен әлеуметтік стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 шілдедегі № 631 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 387 бұйрығы

«Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау салаларындағы ең төмен әлеуметтік стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 шілдедегі № 631 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 387 бұйрығы

 

«Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3) тармақшасына және «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау салаларындағы ең төмен әлеуметтік стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 шілдедегі № 631 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11975 болып тіркелген, «Әділет» Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 11 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы ең төмен әлеуметтік стандарттарды бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мынадай:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Айлық жалақының ең төмен мөлшері» ең төмен әлеуметтік стандарты;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы» ең төмен әлеуметтік стандарты;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы» ең төмен әлеуметтік стандарты;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы» ең төмен әлеуметтік стандарты;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.