(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРІ...

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 229 бұйрығы

 

Осы редакция 2015 жылғы 3 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 1-тармағына сәйкес және денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимылды ұйымдастыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес (бұдан әрі - Қоғамдық кеңес) құрылсын.

2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қоғамдық кеңес туралы ереже бекітілсін.

3. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұйрықтарының күші жойылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр

Т. Дүйсенова

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы 16 сәуірдегі

№ 229 бұйрығына

1-қосымша



Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
министрлігінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
жөніндегі қоғамдық кеңес құрамы

 

Алексей Владимирович

Цой

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі, тең төраға

 

Светлана Қабыкенқызы

Жақыпова

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі, тең төраға

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.