Автомобиль көлiгiмен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығы
(2022.04.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2022 жылғы 22 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022.22.09. № 521 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022.22.09. № 521 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2022 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 23) тармақшасына және «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022.22.09. № 521 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль көлігі департаменті (Е.Е. Джұмашев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, соның ішінде оны Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;