«Экологиялық рұқсаттар беру, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсыну қағидаларын, әсер етуге экологиялық рұқсат бланкілерінің нысанын және оларды толтыру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 9 тамыздағы № 319 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 109 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Экологиялық рұқсаттар беру, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсыну қағидаларын, әсер етуге экологиялық рұқсат бланкілерінің нысанын және оларды толтыру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 9 тамыздағы № 319 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23928 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Экологиялық рұқсаттар беру, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны, сондай-ақ әсер етуге арналған экологиялық рұқсат бланкілерінің нысандарын және оларды толтыру тәртібін ұсыну қағидаларында:
56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«56. ІI санат объектілері үшін әсер етуге экологиялық рұқсатты қайта ресімдеу II санат объектілері үшін әсер етуге экологиялық рұқсат берілген объектінің атауы өзгерген, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, оператор қайта ұйымдастырылған немесе ауысқан жағдайларда жүзеге асырылады.
II санаттағы объектілер үшін әсер етуге экологиялық рұқсатты қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушылар портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге 3-Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша II санаттағы әсер етуге экологиялық рұқсатты қайта ресімдеуге өтініш береді.»;
97-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: