(СТАРАЯ РЕДАКЦИЯ) «ЖЕКЕ ҚОСАЛҚЫ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ БОЛУЫ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА БЕР...

Осы редакция 2016 жылғы 18 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Жамбыл облысы әкімдігінің

2015 жылғы 30 шілдедегі

№ 181 қаулысымен бекiтiлген

 

 

«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» (бұдан әрi - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстың, аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінімді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

 

 

2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің

 (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша іс-қимылды бастау үшін негіздеме мыналар болып табылады:

1) көрсетілетін қызметті берушіге және орталыққа өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.