Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп комитетінің «Машина жасауды болжау жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын тарату туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 тамыздағы № 735 Қаулысы
(2014.19.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп комитетінің «Машина жасауды болжау жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.