«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 162 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 277 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 4 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 2 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 162 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 277 бірлескен бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13979 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес уәкілетті органның бақылауды жүзеге асыруы үшін тарихи-мәденимұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы тексеру парағы;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органның бақылауды жүзеге асыруы үшін тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы тексеру парағы;
4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы лицензияланатын қызмет түріне тексеру парағы бекітілсін.»;