«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кадрлық резервіне қосу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 11-1-2/53 бұйрығына және «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 11-1-4/227 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2021 жылғы 16 шілдедегі № 11-1-4/291 бұйрығы

«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кадрлық резервіне қосу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 11-1-2/53 бұйрығына және «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 11-1-4/227 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2021 жылғы 16 шілдедегі № 11-1-4/291 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кадрлық резервіне қосу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 11-1-2/53 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13475 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кадр резервіне қосу қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кадр резервіне қосу қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кадр резервіне қосу қағидаларында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Кадр резервіне кіреді:

1) «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 17-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының не басқа елдердің жоғары оқу орындарында, ғылыми мекемелерінде кәсіби даярлықтан өтуді, өзекті халықаралық проблемалардың ғылыми әзірлемесін аяқтаған дипломатиялық қызмет персоналы;

2) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінде үздіксіз жұмыс мерзімінің аяқталуының нәтижесінде Қазақстан Республикасына оралған және ұсынылған лауазым (лауазымдардан) бас тартқан дипломатиялық қызмет персоналы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.