«Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы туралы» Өскемен қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 1371 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 2 мамырдағы № 1865 Қаулысы (күші жойылды)

 «Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы туралы» Өскемен қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 1371 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 2 мамырдағы № 1865 Қаулысы

 

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 2385 Қаулысымен күші жойылды

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына, «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 8-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы туралы» Өскемен қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 1371 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4974 тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электронды түрде 2017 жылғы 27 сәуірде, «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінде 2017 жылдың 29 сәуірінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

аталған қаулыға қосымша осы қаулының қосымшасына сай жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2. «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін қағаз және электрондық нұсқада қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми түрде жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

3) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін ресми жариялауға Өскемен қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына жіберуді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.