«Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 342 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 16 тамыздағы № 434 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 342 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10256 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) бағана түріндегі аппараттар – технологиялық процестің (ректификациялау, сіңіру, экстрактивті ректификациялау, экстракциялау (сұйықтық-сұйықтық өзара әрекеттескенде), бу (газ) мен сұйықтық арасындағы тікелей жылу алмасу) жүргізілуін қамтамасыз ететін қосалқы тораптармен (сұйықтық пен буды енгізу, сұйықтық пен буды таратқыштармен, сұйықтық жинауға арналған аккумуляторлық құрылғылармен, саптама элементтерін орналастыруға арналған құрылғылармен), сондай-ақ ішкі жылу және масса алмасу құрылғыларымен (пластиналармен немесе саптамалармен) жабдықталған тұрақты немесе ауыспалы қимадағы цилиндрлік тік ыдыстар.»;
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«42. Резервуарларға техникалық қызмет көрсету техникалық басшы бекіткен кесте бойынша жүзеге асырылады.»;
208-тармақ алып тасталсын;
305-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: